Қазақстан президенті күз мезгілінде «Аналар күнін» атап өтсек деген ұсыныс жасады, ал аналар болса алдымен зейнеткерлік жас тағы да ұлғайтыла ма деп алаңдайды. Қазақстанда көп балалы аналар саны 100 мыңнан асады дейді Халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова. 15 тәулікке қамалған оппозиция белсендісі Әміржан Қосановтың анасы, 72 жастағы Аққыз Қосанова мерекеммен бірінші болып келіп құттықтайтын баламды көре алмай, қапа болып отырмын дейді. 9 баланы дүниеге әкелген «Күміс алқаның» иегері ардақты ана Азаттыққа берген сұқбатында барлық қыз-келіншектерді мейрамымен құттықтап, ешкім ешкімнен зәбір көрмей бақытты өмір сүргенін тілеймін дейді. Оралда белсенділігімен танылып жүрген журналисті бір күнде үш рет полиция ұстаған. Қытай әйелдерінің теңдік үшін күресі жалғасып жатыр деп жазады New York Times басылымы. .