Сейсенбі күні Алматыда Жаңаөзен сайтының таныстырылымы болды, Сайттың таныстырылымында сөйлеген оппозиция мен зиялы қауым өкілдері Жаңаөзен трагедиясы үшін Қазақстан президенті жауапты деген сөздер айтты. Британиядан саяси баспана алған қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовтың Лондон сотының шешіміне шағым арыз түсіргені белгілі болды. Қазақстанның даулы көмірі үшін Қырғызстан министріне қылмыстық іс қозғалды. Соңғы күндері Азаттық радиосының сайтында жарық көрген мақалалардың қай -қайсысы оқырмандардың қатты қызығушылығын туғызып, пікірталасын қыздырды екен, мұны да шолып өтетін боламыз. .