Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстандағы адам құқтарының жағдайына қатысты тыңдаулар өткізген Еуропарламент арнайы қарар қабылдап, Жаңаөзен оқиғасының күшпен басылғанын айыптады. Қарарды дауысқа салу барысында қалыс қалған депутат Пол Мерфи «Құжат тым жұмсақ болып шықты, одан Қазақстан билігі ешқандай сабақ алмайды» деп атап көрсетті. Ал Жаңаөзенде тұтқындаулар әлі де болса жалғасып жатыр, Наурыздағы көрісу күнінде Тамара Ерғазиеваны алдымен тұтқындағы күйеуімен жолықтырып, соңынан өзін де қамауға алған. Алматыда екі күннен бері Болат Атабаевтың Ақсарай театры қойып жатқан «Көшкін» қойылымының айтайын деген ойы да Жаңаөзен толқуымен астасып жатыр дейді спектаклді тамашалаған көрермендер. Атыраудан 150 шақырым қашықтықта жатқан Байшонас ауылының тұрғындары қыстан қысылып шықты, енді олар сусыз және жылусыз қалып отыр, ауыл адамдары наразылықтар кеше танытқан. Азатттық радиосы вебсайтының кезекті Форумхана талқылауы  Наурыз мейрамына арналды, пікірталасқа қатысқан оқырмандар Қазақстанның батыс аймағындағы көрісу күнінен бастап, өдерінің наурыз көжені қалай дайындайтындықтарымен де бөлісті. .

XS
SM
MD
LG