Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ кентінің тұрғыны Райхан Досқұжанованың жасы 51 де. Ол зейнетке шығу жасының ұлғаю мүмкіндігіне қарсы екенін айтты. Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко Ұлттық банк жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныстар даярлау туралы президенттің тікелей нұсқауын алғандарын айтқан болатын. Статистика бойынша, зейнеткерлікке шыққаннан кейін әйел орташа есеппен жиырма бір жылға жуық өмір сүреді және сонша зейнетақы алады. Еркектердің бұл кезеңдегі өмір сүруінің мерзімі 12 жыл. Марченконың сөзіне сенсек, кейбір әйелдер осындай бастама көтеріп хат жазған. Олар өздерін неліктен зейнеткерлікке ерте жіберіп жатқандықтарын сұраған екен. Алайда мамандардың сөзінше, Еңбек кодексінің 7-бабына сәйкес, ел¬де зейнетке шыққан адамның өзінің қыз¬метін ары қарай жалғастыра беруіне еш¬кім тыйым салмайды. Шымкент қаласындағы Жүсіпбек Аймауытов атындағы №64 мектептің сызу, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Сағира Нұрбекованың еңбек стажы 30 жылды құрайды. Ол ұстаз жұмысы оңай емес екенін, ертерек зейнетке шығу керек екнін айтты.  Сағира Нұрбекова 58 жасқа дейін жұмыс істеудің өзі ауыр келеді дейді. Григорий Марченконың айтуынша, әйелдер мен еркектердің зейнет жасы туралы әңгіме дамыған елдердің тәжірибесінен алынған. Ондай заң қабылданатын болса да ол кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын көрінеді.

XS
SM
MD
LG