Бүгін жоғарғы сот өкілі Оксана Петерс Астанада Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтетін қылмыстық істі таныстыру үшін брифинг өткізді. Былтырғы желтоқсан айында Жаңаөзен мен Шетпеде болған толқуға қатысты сот наурыздың 27-сінде Ақтау қаласында басталады. Әлемдегі 50-ден астам елдің басшылары Оңтүстік Кореяның астанасы – Сеул қаласында ядролық қару мәселелеріне қатысты саммитке жиналды. Дүйсенбі күні Ақтауда мұнайшылар кәсіпордағының заңгері болған Наталья Соколова түрмеден босағаннан кейінгі алғашқы баспасөз-мәслихатын өткізді. Алматыда 50 мың сөзді қамтыған үлкен қазақ-ағылшын түсіндірме сөздігі таныстырылды .