Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Жаңаөзен оқиғасына қатысты Ақтаудағы сейсенбі күні таңертеңгісін басталмай жатып, үзіліс жарияланып, түстен кейін қайта жалғасты. 37 адам жауапқа тартылып жатқан сотқа келген адамдардың көбі ғимаратқа симай сыртта қалып қойды. Жаңаөзен оқиғасының 100 күндігіне орай өткен митингіге қатысып сөз сөйлегені үшін Ақтауда сот басталған күні Алматыда 20 орташа айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жазаға тартылған Қасым Аманжол Ақтаудағы соттың әділ өтеріне күмәнмен қарайды Халықаралық театр күні қарсаңында «Көшкін» қойылымы арқылы жаңаөзендіктерге көмек қаржы аударған режиссер Болат Атабаев театр сахнасындағы әр спектакль көрерменге ой салуға қызмет еткені жөн дейді. 27 наурыз Қазақстанның бұрын премьер министрі болған Әкежан Қажыгелдин 60 жасқа толған күн екен, қазіргі таңда шетелде бас сауғалап, Лондонда тұратын бұрынғы жоғары шенді шенеуніктің саяси келбетімен де өздеріңізді біршама таныстыруға тырысамыз. Сеулдегі ядролық қауіпсіздік саммитінде Қазақстан, Ресей және АҚШ президенттері Семей ядролық полигонындағы ядролық қалдықтарды тазарту жобасы сәтті болғанын атап өтті. Дегенмен қазақстандық эколог ғалым Мұсағали Дуамбеков Қазақстан радиоактивті қалдықтарын тазартып болған жоқ дейді Азаттыққа берген сұқбатында.  .

XS
SM
MD
LG