Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

«Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының ақпараттары бойынша, 2012 жылдың 1 сәуірінен елде теміржол көлігі арқылы тасымалдау тарифі 15%-ға, магистральді темір жол желісі қызметіне тариф 9,6%-ға өсті. «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының бұқаралық ақпарат құралы және сыртқы байланыс тармен жұмыс жүргізу бөлімі бастығының міндетін атқарушы Камшат  Кәкішева темір жол тасымалы ең көп қаражатты талап ететін сала дейді: Сала мамандары «бұл қымбаттау сапаны арттырады» деп сендіруде. Бұған мысал: 2011 жылы ел бойынша жолаушылар тасымалдауда 34 жаңа вагон қолданысқа енсе, 2012 жылы бұл көрсеткіш 142-ге дейін өсім бермек. Сондай-ақ халықаралық талапқа сай «Тұлпар-Тальго» вагондарының санын өсіру де биылғы жылдың еншісінде болмақ. Алмат Нұржанов темір жол қызметін жиі пайдаланатынын айтты, ол билет бағасының қымбаттауына қарсы. Сұхбаттасымыз елдегі темір жол қызметінің сапасы нашар дейді: 1 сәуірден бастап іске асқан қымбаттаушылық алғашқы емес. 2006 жылы ақпан айында Қазақстан аумағында поезд билеті 15 пайызға, ал халықаралық деңгейдегі поездардың билеті 10 пайызға өсті. Мұның басты себебі республикалық бюджеттен темір жол қызметіне бөлінетін қаржының жетіспеушілігі деп түсіндірді мамандар. Экономист Бейсенбек Зиябеков қазіргі кезде билеттердің қымбаттауына еш негіз жоқ деп санайды.

XS
SM
MD
LG