Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:14:30 0:00
Жүктеп алу

Жақын арада өткен Балаларға арналған кітаптардың халықаралық күніне орай Қазақстанда «Балауса» балалар әдеби шығармаларының байқауы басталды. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілде қазіргі заманғы балалар әдебиетінің дамуына жәрдемдесу, балаларға арналған шығармалар авторларына қолдау көрсету және балалардың бойында отансүйгіштік, білімқұмарлық, оқуға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу дейді ұйымдастырушылар. Байқауға қатысатын шығармалар 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданатын болады. Қорытынды 2013 жылдың 2 сәуірінде жарияланады. Ақын Ғалым Жайлыбай балалар әдебиетінде проблемалар аз емес дейді. Ақын байқаулар арқылы балалар әдебиетіне көңіл аударуға болады деп санайды. Сұлтан Қалиев бар проблема қаржыға келіп тіреледі дейді. Оның сөзінше,  балалар әдебиетін жазатын авторлар кәртайып бара жатыр.  Мамандар да елдегі балалар әдебиетінің жағдайы нашар екенін, авторлардың қартайып бара жатқанын айтады. Балалар әдебиетінің жазушысы Сұлтан Қалиевтың айтуынша, Қазақстанда 2011 жылы шыққан әдебиеттердің 2 пайызы ғана балаларға арналған. Қалғандарының барлығы да ересек адамдарға арналған шығармалар. Жазушы бұрынғы Совет Одағының кезінде таралымды реттейтін жауапты мекемелер болған дейді.  Маманның сөзінше, қазіргі кезде тіпті мерзімді басылымдардың өзі де таралымның әсерінен қиындық көріп отыр. ол қазіргі уақытта баспадан шығатын кітаптың саны азайып отыр дейді.

XS
SM
MD
LG