Ақтау қаласында Жаңаөзен оқиғасы бойынша айып тағылған 37 адамның соты сәрсенбі күні де жалғасты. Адвокаттар істі жүргізіп отырған судья Аралбай Нағашыбаевты басқа судьяға алмастырау жөнінде өтініш бергенімен, ол қанағаттандырылмады. Сәрсенбі күні Азаттықтың сайтында оппозициялық саясаткер Жармахан Тұяқбаймен онлайн конференция болып өтті. Оқырмандардың Жармахан мырзаға қойған сұрақтары мен оған берілген жауаптарын да шолып өтеміз. «Сопылар ісі» бойынша сотталған Саят Ыбыраевты діни көзқарасы үшін қуғындалды деп санайтын профессорды қоғау комитеті Алматыда дөңгелек үстел талқылауын өткізді, оған қатысқандардың пікір көзқарастарымен тілшілеріміз таныстырады. Қарағандыда өткен жұма күні құлап, қирап қалған Бесоба ықшам ауданындағы жаңа үйдің тұрғындары не күй кешіп жатқанын да тілшілеріміз білуге тырысып көрген еді. .