Ақтау қаласында Жаңаөзен оқиғасы бойынша айып тағылған 37 адамның соты сәуірдің 12-де де жалғасты. Екі күн бұрын алғашқы болып жауап берген айыпталушы Таңатар Қалиев өзін ұрып-соғу арқылы жалған куәлік беруге мәжбүр болғанын айтқан. Қарағандының Бесоба ықшам ауданындағы құлап қалған үйдің тұрғындарына өтемақы қалай төленетіні әлі айқын емес, әзірге құламаған, бірақ қабырғасы қақырай бастаған келесі үйдің тұрғындары болса үреймен өмір сүруде. Өзбекстанда бюджеттік мекеме қызметкерлеріне, атап айтқанда мұғалімдер мен дәрігерлерге жалақыны балапандармен есептеп беріп жатыр екен. Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы №28 мектепте Кембридж университеті ұсынған үлгі бойынша эксперименттік сабақ өтті. Жаңа үлгіні ұнатқан оқушылар «Қазақстандағы қалыптасқан оқыту жүйесі оқушылардың еркіндігіне шектеу қоятынын» айтады. .