Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Жақында «Темірқазық» ұлттық пікір сайыс клубында «Мемлекеттік тіл туралы» Заң жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Онда жиналған  белсенділер, ғалымдар мен  қоғамдық ұйым өкілдері  жобаға толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы ұсыныстар айтты, мамандар  оның қабылданатынына күмән туғызды. «Алаш үні» Қоғамдық бірлестіктер одағының төрағасы, жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор  Совет-Хан Ғаббасов заң жобасы қоғамда қандай көзқарас тудырады деген сұраққа жауап алу үшін арнайы талқылауға салдық дейді. «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім заң жобасы облыстық және аудандық орталықтарда да талқыланды дейді. Оның  сөзінше, қазіргі қолданыстағы «Тілдер туралы» заңда бірнеше қателіктер бар. Ол  қазіргі кезде жоғары оқу орындарында орыс тілі көп пайдаланады дейді. Ал «Мемлекеттік тілді қорғау» қозғалысының төрағасы  Мұхтар Шахановтың ойынша, бұл заң жобасының қабылдануы екіталай. .

XS
SM
MD
LG