Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларға қатысты Ақтауда өтіп жатқан сот отырыстарында заңбұзушылықтардың көп болып жатқанын айтқан қоғамдық комиссия өкілдері тағы да биліктен сотты тоқтатуды талап етті. Жаңаөзен сотына қатысты дәл осындай талапты «Хьюман райтс уотч» ұйымы да Қазақстан билігіне қойды. 13 жасынан бастап екі көзі су қараңғы болып қалған азамат Алматыдағы өзі жүретін автобустарды моторының даусынан танитынын айтады. Екі балалы отбасы қалада пәтер жалдап тұратындықтан, мүгедектігі үшін алатын жәрдемақысы жетпейтін Асымжан Хафузов балаларын ән салып асырайды. Түрмеде отырған қатерлі ВИЧ дертіне шалдыққан бауырына дәрігерлік көмек керек деген тыңдарманымыз Азаттыққа телефон соғып, мұңын шақты. Ал СПИД орталығының дәрігерлері болса, қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз дегенді алға тартады. .