Accessibility links

Қазақтар - әлемде


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Жақында Қазақстанның Астана қаласында ғалым, профессор Ақан Отыншы. 44 жасында мезгілсіз көз жұмды. Ақан Отыншы Түркияда Стамбул қаласында дүниеге келіп, Еуропада білім алып, Ұлыбританияның Манчестер университетінде докторлық дәрежеге қол жеткізген еуропа қазақтарының ішінде тұңғыш ғалым болатын. Ол электронды инженерия саласында білім алған және осы білімін Қазақстанға беруді басты мақсат тұтқан еді. Азаттық радиосының тілшісі оның Қазақстанға кезекті бір сапарында сұхбат жасаған еді. Сонда басты мақсаттарының бірі Қазақстанға келу екендігін баса айтқан оның Назарбаев университетінде жұмыс істей бастағанына небәрі 6 ай ғана болған екен. «Қазақтар әлемде» хабарының кезекті саны Ақан Отыншыға арналады.

XS
SM
MD
LG