Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

2012 жылғы ҰБТ-ның ең үлкен  жаңалықтарының бірі - колледж бітірушілерге бағытталған сыңайлы. Бұдан былай колледж бітіріп, белгілі мамандықты игеріп үлгергендер де ҰБТ тапсырмай-ақ, ЖОО-ға жолдама ала алмайды. Бұл жаңалыққа орта мектеп бағдарламасынан гөрі арнайы кәсіптік білімге бейімделіп оқып жатқан колледж түлектері қарсылық білдіруде.  «Жоғары оқу орнына түсу үшін олар тек арнайы мамандық бойынша сұхбаттасудан ғана өтпей, абитуриентті кешенді тестілеуді тапсыруы керек. АКТ дегеніміз екінші ұлттық бірыңғай тестілеу, ешқандай айырмашылығы жоқ. Ал дайындық үшін тек бір ай ғана, ал мектепте бұл үшін екі жыл береді» дейді «Бітірушілер ата аналарының» бастамашыл тобының мүшесі Вероника Нарыцина. Ал «Ар-намыс» оқытушылар мен мұғалімдер ұйымының  төрайымы Ғалия Әміртаеваның сөзінше, балалардың қабілетіне қарай оларға таңдау беру керек Қазақстандағы тең құқық пен тең мүмкіндіктер институтының директоры Маргарита Өскенбаева мұндай тестілеу балалардың психологиясына кері әсерін тигізуі мүмкін дейді: Парламент Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Мұрат Бақтиярұлы да білім саласындағы реформалар туралы пікірін айтты. «Кәсіптік орта оқу орындарын бітірушілер жоғары оқу орындарына түсу үшін орта мектеп бағдарламасы негізінде тест тапсыру керек деген шешім тым асығыс қабылданған сияқты» деді сенатор.

XS
SM
MD
LG