Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанның барлық қалалары сияқты Қарағандыда да 1 мамыр қазақстан халықтарының бірлігі күніне қызу дайындық жүріп жатыр деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері. «екараганда.кз» сайтының жазуына қарағанда «Бесоба» кешенінің баспанасыз қалған тұрғындары әкімдік ұсынған келісімшарттарда құқтарымыз сақталмаған деп, егер талаптарымыз орындалмаса, әкімдікпен соттасамыз дейді. Өткен жылдың 16 желтоқсаны күні болған Жаңаөзен оқиғасында жарақаттанып, қолынан айрылып қала жаздаған Естай Сатыбалдиев өзіне жұмыстан қайтып келе жатқан кезде кездейсоқ жағдайда оқ тигенін айтады. Осылайша ол 28 жасында екніші топтағы мүгедек болып қалды. Ақтауда басталған қызметтік өкілін асыра пайдаланды деген айыппен сотқа тартылып жатқан полицейлердің сотына жәбірленуші ретінде қатысып отырған Естай Сатыбалдиев бейбіт халыққа оқ атқан полицейлер тиісті жазасын алуы керек дейді. Иран үкімет елді сыртқы интернеттен шектемекші. Қазақстан ақпарат агенттіктерінің жазуына қарағанда, жақын уақыттан бері  «Қазақстан халық банкі» юаньмен де есеп айырысатын болды. Қазақстанның сауда орындарында, базарларда тұтынушылар негізінен қандай валютамен сауда жасайды екен, тілшілеріміз шағын сауланама жүргізіп көрген болатын. .

XS
SM
MD
LG