Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Күләш Байсейітова –  қазақтың әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, Совет Одағының  халық артисі , Одақтың Мемлекеттік сыйлығының лауреаты .ол 1912 жылы 2 мамырда Қарағанды облысының Шет ауданында туған. Күләш Байсейітованың қызы Қарлығаш Байсейітова анасының музыкалық қабілеті ерекше болғанын әңгімеледі. Суық тисе де даусы жоғалмайтын, себебі табиғи талант» дейді қарлығаш Байсейітова. Биылғы жылы Күләш Байсейітованың туғанына 100 жыл толды. Осыған орай Алматы, Астана және әншінің туған жерінде бірқатар шаралар өтті, тағы бірқатар шаралар әлі де жоспарланып отыр. Алайда Қарлығаш Байсейітова әйгілі әншінің 100 жылдығын лайықты атап өтуге уақытылы әрекет етілмеді дейді Жазушы Сара Латиева Күләш Байсейітова тек қазақтың емес түрлі халықтардың шығармаларын орындаған дейді. Оның сөзінше,  Күләш болмаса қазақ операсы болмайтын еді.  Алғаш рет Қазақ музыка театрының шымылдығы 1934 жылы «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясымен ашылғанда, Күләш басты рольді үлкен шеберлікпен ойнап, Айман бейнесін сомдаған.  Оның ғажайып қабілеті мен дарыны Шұға, Қыз Жібек образдары арқылы шыңдалған дейді мамандар. Күләш Байсейітова туралы кітап жазған Сара Латиева өзінен басқа бұл тақырыпты қозғаған автор жоқ дейді. .

XS
SM
MD
LG