9 мамыр күні Алматы қаласындағы 28 панфиловшылар саябағында Совет Герман соғысының аяқталғанына 67 жыл толғанына орай гүл шоқтарын қою рәсімі болды. Ардагерлер құттықтыулар мен марапаттаулар қабылдады. Совет - Герман соғысының ардагері Құрмантай Бақбергенов майданда болған жылдары туралы «Күреске толы ғұмыр» деген кітап жазған. Оның жасы 91 де. Ардагер соғыстың қайғы қасірет әкелетінін сөз етіп, бейбіт өмірді бағалау керектігін айтып, жастарға деген өсиетін өлеңмен өрнектеді. Жақында ғана 100 жасқа толған, қызылордалық ардагер Сүлеймен Сейітов Екінші дүниежүзілік соғыстағы совет әскері жеңген күннің 67 жылдығына бірнеше апта қалғанда өмірден өтіп кетті. "Балаларды қорғау" ұйымы әлем елдеріндегі аналардың жағдайы турасында өзінің есебін жариялап отыр, ана мен балаға ең жақсы жағдай жасалған ел деп Норвегия бағаланса, ең нашар ел деп Нигер елі аталып отыр. Ақтаудағы полицейлер сотына жәбірленуші ретінде қатысып отырған Аманжол Әбдешевтің әйелі Жанар Әбдікерімова 16 желтоқсан күні оққа ұшып, ертесінде ауруханада қайтыс болған екен.