Accessibility links

Зерде


please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Ардагер Айтуар Сейітбеков Совет-герман соғысына 18 жасында аттанған екен. Ол майданда ұзақ болмапты, дегенмен сол 4 айдың ішінде көптеген қиыншылықтарды көрген екен. Сейітбеков 9 мамыр жеңіс күнін өз ауылында қарсы алыпты, себебі жарақат алғаннан кейін ол майданнан қайтарылған екен. Ардагер қазіргі кезде мемлекет өздеріне  жеткілікті көңіл аудармай отырғанын айтты. Үрият Наманова есімді ардагер де соғысқа қатысқанын әңгімеледі, алайда бірнеше айдан кейін оларды қайтарыпты. Ол жыл сайын 9 мамыр жеңіс күнін ерекше көңілмен атап өтетінін айтты.  Тарихи деректерге сүйенсек, екінші дүниежүзілік соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 миллион адам әскерге алынды. 50-55 миллион адам қазаға ұшырап, 4 триллион доллар көлемінде шығын шықты. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қарағанда, екінші дүниежүзілік соғыста адамдар шығыны 5 есе, ал материалдық шығыны – 12 есе көп болды. Әбен Берденов есімді ардагер соғыс басталған кезде студент болған екен. Алайда соңғы емтихандарын тек соғыс аяқталғаннан кейін ғана тапсырыпты. Ол майданға тамыз айында барыпты. Әбен Берденов Мәскеу түбіндегі және Сталинградты босату шайқастарына қатысқан екен.

XS
SM
MD
LG