Ғаламторда атап айтқанда mail.ru агентте жиі жарияланатын өлеңдер оқырмандар арасында қызу талқыға түсіп жүр. Бұл мәселеге қатысты ақындардың көбі көпшілік талқысынан өтпеген, сынға түспеген өлеңдерді қалың оқырманға ұсыну поэзияға деген теріс көзқарасты қалыптастырады дегенді алға тартады. Ал mail.ru агентке өлеңін жариялап жүрген ақындар болса, өлеңдері кітапқа жарияланбай, қағаз бетінде қалып қалғанан гөрі агент арқылы қалың оқырманның оқығаны жақсы дейді.