Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Жаңаөзен оқиғасы бойынша 37-нің сотында біреуінен басқасы тағылып отырған айыптарды мойындамады, ал адвокаттар бүркеншік атпен берілген куәліктердің негізге алынуы заңсыз дейді.  Ақтаудағы тағы бір сот - қызмет өкілетіктерін асыра пайдаланып, оқ атты деген 5 полицейдің де соты аяқталуға жақын, полицияларға сөз берілгенде олар дайындалу үшін уақыт сұрады деп хабарлайды біздің Ақтауда іссапарда жүрген тілшіміз. Қарсылық жиындары үшін әкімшілік жазаға тартылған Қазақстан азматтары айыппұлды төлемейтіндіктерін айтады. «Фейсбуктегі» сөз бостандығы және АҚШ конститутциясы жайлы да әңгімелейтін боламыз. Орыс интеллигенциясының Путинге қарсылығын Абай ескерткіші жанында білдіруін қазақ жазушылары түрліше бағалады Токиоға әлемнің 20-дан астам елінен 200-ге тарта этникалық ұйғыр бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің құрылтайына жиналды. Бес күн болатын құрылтайда ұйғырлар Қытайдан тәуелсіздік алу мәселесін талқыламақ. Алматы қаласы Әуезов ауданындағы ұйғыр мәдени орталығының төрағасы болған Азтекин Ибрагимов бұл құрылтайдың негізгі мақсаты ұйғырларды әлемге таныту дейді.

XS
SM
MD
LG