Ақтауда Жаңаөзен оқиғсына қатысты айыпталған полициялар соты сәрсенбіде жалғасты. Өткен жылы 17 мамырда Ақтөбе қаласында бір жанкештінің өзін-өзі жарып жібергені белгілі. Кейіннен Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылындағы атыста екі полиция қызметкері қаза тапты. Оқиға орнында оқ атқандарды қолға түсіру үшін ауқымды шара басталып, ақырғы атыста діншілдердің біреуін ғана тірідей тұтқындап, тоғызын атып өлтірді. Бір жылдың ішінде кедейлік пен жұмыссыздық жайлаған Шұбарши ауылының әлеуметтік келбеті қалай өзгерді деген тұрғыда біздің тілшіміз барлап қайтқан еді. Вашингтондағы Хельсинки комитеті Орталық Азиядағы саяси тұтқындар мәселесін талқылады. Францияда 65 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Канн фестивалінде қазақстандық режиссерлердің де картиналары көрсетіледі.