Ақтауда Жаңаөзен оқиғасына қатысты жалғасып жатқан соттарда үкім шыға бастады. Белсенді Тамара Ерғазеваға екі жыл шартты мерзім жазасы кесілсе, Шетпе сотында айтыпталып жатқан 12 адамның 7-ін судья «әрекеттерінде қылмыстық құрам жоқ» деп ақтау туралы шешім шығарды. Қалған 5 адамға түрлі жаза мерзімдері берілді. Ал әлеуметтік араздық туғызды деп қамаға алынған әріптестерінің босатылуын талап еткен белсенділердің бір тобы Алматыда баспасөз-мәслихатын өткізді. Бакуде басталған Еуровидение байқауына қатысатын әншілер орналастын қонақ үйлерде видеокамералар не үшін орнатылуы мүмкін? Тәжікстан тарихында ВИЧ дертін әдейілеп жұқтырған болуы мүмкін деп айытпталған азаматқа қарсы қылмыстық іс қозғалды.