Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстандық дәрігерлердің айтуынша, адамның салмағы ауырлауының ең басты себебі – дұрыс тамақтанбау. Қазақстанның  тағамтану академиясы тұрғындардың тағам рационының мардымсыздығын, қант пен мал майының шамадан тыс көптігін анықтаған. Мамандардың айтуынша, артық салмақ – қазір Қазақстан ғана емес, күллі әлем бойынша ең өзекті мәселе. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне қарағанда, қазір әлемде екі миллиардқа жуық адам артық салмақтан арыла алмай жүр. Семіздік өлшемі бойынша алғашқы орында тұрған ел – АҚШ. Бұл елде семіздіктің басты себебі ретінде жылдам дайындалатын тағам – фастфуд аталады. Артық салмақтан зардап шегуші елдердің екінші тобы – Еуропа мемлекеттері (Ұлыбритания, Венгрия, Румыния, Грекия мен Албания). Ал Кипр, Мальта, Чехия, Финляндия, Германия мен Словакияда халықтың кем дегенде 40 пайызы артық салмаққа ие. Соңғы жылдары Қытайда балалар арасында семіздік дертіне ұшырағандар қарқынмен көбейіп барады. Бұл елдегі балалардың 20 пайызының салмағы қалыпты мөлшерден артып кеткен. Алматы қаласының тұрғыны Алтыншаш Жұмалиева үш баланың анасы. Ол өзінің артық салмақпен күресті қайта бастағанын сөз етті. Қазақ тағамтану академиясының ақпараттары бойынша, елдегі бес жасқа дейінгі балалардың 12 пайызы – тым толық. Артық салмағы бар балалардың басым бөлігі Ақтөбе, Қызылорда облыстарында тұрады. Өйткені климаты жайсыз бұл өңірлерде көкөніс пен жеміс-жидек тапшы, әрі өзге аймақтармен салыстырғанда бағасы да қымбат дейді мамандар. Қазір Қазақстан – артық салмақ көрсеткіші жөнінен ТМД бойынша алғашқы бестікте екен. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының ғылыми қызметкері Анар Әкімбаева өзге елдермен салыстырғанда Қазақстанның жағдайы әлдеқайда жақсы дейді.

XS
SM
MD
LG