Жаңаөзен оқиғасына қатысты істі болған 5 полиция қызметкеріне 7 жылға дейінге түрме жазалары берілді. Маңғышлақ стансасының жұмысшылары өздерін аттестациядан өткізуге қарсы болып, билікке 4 талап қойды. Сирияның Хула ауылындағы қырғыннан кейін Асад режиміне дипломатиялық қысым күшейді. Теміртауда құбыр құдығына құлаған 2 жасар сәби жерленді, туыстары құдықты ашық қалдырған әкімдікті айыптады. Ұзынағаш ауылында қымызмұрындық беріліп, ұлттық дәстүрді жаңғыртқан ойын-сауық болып өтті.