Астана қаласындағы Республика даңғылы мен Абай көшелерінің қиылысында 20- ғасыр басындағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш ашылды, ал Алматыда еске алу күні митинг өткізгендер 1937 жылдардағы репрессияны өткен жылғы Жаңаөзен оқиғасымен салыстырды. Қазақстанда әзірге белгісіз жағдайда қаза болған шекарашылардың қарулары табылғаны жөнінде хабарланды. Алматы аймағында бейсенбіге қараған түні жерасты дүмпулері сезілген, жер сілкінісінің кіндігі қаладан 120 шақырым қашықтықта болды дейді мамандар, дегенмен қуатты жер сілкінісінің қаупі жоқ деп ескертеді олар. Әкелері 1937 жылы ұсталып атылып кеткен совет-партия қызметкерлерінің ұрпақтары сол кезде «халық жауының» баласы деген атқа қалмас үшін, әкелеренің атылғанын жасыруға да мәжбүр болғандарын айтады. Ресейдің ұлттық автономиялық аймақтары енді басшыларын өздері сайлайтын болды, осындай құқ беретін заң талқыланып жатыр.