Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Шаруа қожалығының иесі Неля Сәйілханова 13 жылдан бері сүт өндірісімен  айналысып жүр. Ол зейнетке шыққалы бері жеке бизнесін бастапты. Қазір оның жасы 63 те: «Фермерлікпен айналысуға анам және үлкен жерге деген көңілім итермеледі. Алғашында үш сиырдан бастадым. Қазіргі таңда менің 80 бас малым бар. Мен сүт өнімдерін тек өндіріп қана қоймай оны өзім өңдеймін», - дейді фермер. 2011 жылы Қазақстанда өңделген импорт сүтінің көлемі11,9 млн. тоннаны құрады. 2010 жылы аталған көрсеткіш 14,3 млн. тоннаны құраған еді. Өзімізден өндірілген сүттің мөлшері 335 мың тоннаға жетті. Осыған орай, импорттағы тәуелділігімізді төмендету мақсатында елдің "Сүт одағы" отбасылық сүт шаруашылықтарын дамытуды жоспарлап отыр. Қазақстандық сүт одағының баспасөз хатшысы Сәния Фазылова Қазақстанда сүт тұтыну көрсеткіші аздап көтеріліп келе жатыр дейді. 2009 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін елде тағамдық сүт өндірісі мен тұтынылуы 40%-ға дейін артты, ал ағымдағы жылдың басынан бастап өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ға дейін өсті. Қазақстанда сауылған сүттің 30%-ының сапасына кепілдік беріледі, яғни бұл оның өнеркәсіптік қайта өңделгенін білдіреді. «Сүт адамға қажет жалғыз және бірыңғай өнім болып табылады. Алайда біздің халықтың 40 пайызынан көбі ауылдық жерде тұрғанымен,  қазақстандықтар оны тұтынудан артта қалып келе жатыр. Бізде жайылым жоқ. Біз бұрынғы мәдени жайылым жүйесіне оралып, оны жандандыруымыз қажет. Қазір тұрғылықты аудандардың маңындағы жердің барлығы жекеменшікке сатылып кеткен. Жер өңделмей деградацияға ұшырап, құрып бара жатыр. Адамдарда оны өңдеп, жұмыс істеуге қаражат жоқ, олар тек бағасы көтерілген уақытты күтіп, қайта сатып жіберуді қалайды. Ауыл тұрғындарына бұл үлкен қиындық туғызып отыр», - дейді Неля Сәйілханова.

XS
SM
MD
LG