Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

«Арқанкерген» постында қаза болған шекарашы сарбаздардың мәйіттері елдеріне жеткізіліп, ақтық сапарға шығарып салу рәсімдері жалғасуда. Жаңаөзен қаласында спутниктік телехабарлар тарататын арнайы құрылғылар алынып тасталып жатыр дейді қала тұрғындары.   Жексенбі күні қамаудағы немересімен кездесіп қайтқан Владимир Челах 14 әріптесін және орманшыны өлтірді деп күдіктеліп отырған Владислав Челахтың денсаулығы мен оның қазіргі көңіл-күйі жөнінде журналистерге айтып берген болатын. Қазақстанның экология министрі үкімет сағатындағы есебінде экологиялық апат айтмақтарының мәселелеріне тоқталған жоқ дейді депутат.   Алғашқылардың бірі болып Жаңаөзенде тұрғындардың спутниктік тәрелкелері алына бастады. Құқыққорғаушылар мұны қаңтар айында қабылданған «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңның «алғашқы жемісі» деп атайды. Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримова ағылшын тілінде алғашқы ән жинағын шығарған. Лондонда өтетін Олимпиада ойындары биыл мұсылмандардың ораза ұстайтын Рамазан айымен дөп келіп тұр. Олимпиадаға қатысатын спортшылардың кейбірі ораза ұстау мен алаңда өнер көрсету арасындағы таңдау алдында тұр.

XS
SM
MD
LG