Accessibility links

Бүгінгі дөңгелек үстелде «Бүкіл халықтың өз табысы мен мүлкін жариялауы нәтижелі болуы үшін президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі халыққа үлгі-өнеге көрсетуге тиіс» деген тақырып талқыланды. Осы пікірсайысқа қатысқан сарапшылардың ортақ пікірінше, шенеунектердің табыстары мен шығындарын жариялауы - ашық саясат пен шынайы саяси бәсекелестік дамыған елдерде ғана ойдағыдай нәтиже береді. Ал ашық саясат пен саяси бәсекелестікке қоса тәуелсіз сот пен еркін баспасөзі жоқ Ресей және Қазақстан сынды авторитарлық елдерде мұндай құқықтық шаралардың жемқорлық пен парақорлықты жоюға еш әсері де болмайды, еш нәтиже де бермейді, дейді Ресей мен Қазақстан сарапшылары. Дөңгелек үстелдің шағын жазбаша мәтіні мен толық аудио нұсқасын Азаттық радиосының Интернет-сайтынан оқып тыңдауға болады.

XS
SM
MD
LG