Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақ –қытай шекарасындағы жоғалған шекарашылар табылып та үлгерді. Шығыс Қазақстандық сарбаздар аналары комитетінің жетекшісі соңғы кезде Қазақстан шекарасында орын алып жатқан оқиғаларды  «баланың ойыны емес , бұл жерде тереңірек қарайтын мемлекеттік мәселе бар» дейді. Ақтөбеде америкалық ғалымды кітапханаға кіргізбеді Ақтөбеге Джорджтаун университетінің оқытушысы, АҚШ президентіне діни конфессиялар жөнінде кеңес беруші Яхья Хенди барды6 бірақ кітапхана қызметкерлері алдын-ала жоспарланған кездесуді болдырмады. Алматының түбіндегі Исаев ауылы тұрғындарының жартысы біраз жыдан бері майшамның жарығына қарап қалғандықтарын айтып, сейсенбі күні  ауыл әкімшілігі алдына жиналды Өткен жылы әлемде өз қоныстарын тастап басқа жаққа босып кетуге мәжбүр болған босқындар саны 800 мыңнан асып кеткен.  Саяси және әлеуметтік құрылымдары нашар дамыған елдер индексінде Қырғызстанның соңғы уақытта жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгені айтылып отыр.

XS
SM
MD
LG