Әзербайжан мен Таулы Қарабақ аймағын бөліп тұрған сызық бойында Әзербайжанның Чыраглы қаласы орналасқан. Соңғы аптада қала төңірегінде қарулы қақтығыстар болды. Әйтсе де мұндай оқиғаларға жергілікті тұрғындардың еті үйреніп кеткен. Азаттық фототілшісі Аббас Атилай Чыраглыдағы жағдайды көріп қайтты.
Чыраглы: Оқ өтіндегі өмір

1
36 жастағы Сиявус Әзербайжан мен Армения қарулы күштерінің қақтығысын күнде көреді.

2
Сиявус ашып тұрған есіктен небары жүз метрдей жерде қарулы жанжал өтіп жатыр.

3
Сиявустың екі ұлының бірі атылған оқтардан шұрық тесік болған есіктің жанында тұр.

4
Сиявус атыс аймағынан өтер алдында жағдайды барлап тұр.

5
Жаңа технологиялар бұрыштың ар жағында не болып жатқанын бақылауға мүмкіндік береді.

6
Сиявус үйінің қабырғасына тиген оқтарды көрсетіп тұр.

7
Анасының қауіпсіздігі - баласына уайым.

8

9
Отбасындағы жандарға қаңғыған оқ тимес үшін үйдің есік-терезесі бетондап тасталған.

10

11
Сиявус үй қабырғасындағы бұрынғы атыстардан қалған оқ іздерін көрсетіп тұр.