Accessibility links

Хиросимадағы еске алу


Хиросимадағы еске алу
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:36 0:00

Жапонияның Хиросима қаласында атом бомбасы құрбандарын еске алу рәсімі өтті. Таңертеңнен көшеге шыққан жүздеген адам сағат 8-ден 15 минут кеткенде, яғни осыдан тура 69 жыл бұрын қалаға атом бомбасы тасталған уақытта адамзат тарихындағы жойқын қару құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Төңіректе орнаған мүлгіген тыныштық кезінде тек соғылған қоңырау үні ғана естіліп тұрды. Азалы рәсімге қатысқан Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ тарих тағылымын естен шығармауға шақырды. 1945 жылы 6 тамыз күні АҚШ әскери ұшағы Хиросимаға тастаған «Бөбек» деп аталатын атом бомбасының жарылысы мен одан кейінгі радиация зардабынан 140 мыңға жуық адам, яғни қала халқының үштен бірі қаза болған.

XS
SM
MD
LG