Accessibility links

Байден Ирак президентіне АҚШ қолдауын білдірді


АҚШ вице-президенті Джозеф Байден.

АҚШ вице-президенті Джозеф Байден Ирак президенті Фуад Масуммен телефон арқылы сөйлесті. Олар АҚШ-тың Ирактағы әскери операциясы және Бағдатта жаңа үкімет жасақтау жайын кеңескен. Бұл туралы Ақ үй хабарлады.

Байден Масумге АҚШ-тың Ирактың босып кеткен бейбіт тұрғындарына жәрдем көрсететінін, оларды қорғайтынын, Ирак үкіметіне "Ислам мемлекеті" ұйымымен күресуге көмектесетінін айтқан.

АҚШ вице-президенті "содырларға қарсы күреске қоғамды жұмылдыру үшін елдің жаңа үкіметін жасақтау керек" деген.

АҚШ-тың Ирактағы әскери операциясын республикашыл саясаткерлер сынады. Сенатор Джон Маккейн АҚШ-тың содырларға әуеден шабуыл жасауын "ешқандай пайда бермейтін мағынасыз әрекет" деп бағалады.

AzattyqTV

Белсенді Дулат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00
XS
SM
MD
LG