Accessibility links

Құлаған ұшақта болған 65 адамның сүйегі анықталды


Құлаған малайзиялық Boeing 777 жолаушылар ұшағының бөлшектерін суретке түсіріп тұрған журналист. Грабово селосы, Донецк облысы, 18 шілде 2014 жыл.
Құлаған малайзиялық Boeing 777 жолаушылар ұшағының бөлшектерін суретке түсіріп тұрған журналист. Грабово селосы, Донецк облысы, 18 шілде 2014 жыл.

Нидерланд сыртқы істер министрлігі сот-медициналық сараптама нәтижесінде Украинаның шығысында құлаған малайзиялық ұшақта болған 65 адамның сүйектері анықталғаны туралы хабарлады.

Ұшақ құлаған аймақта қарсылас тараптар арасында ұрыстардың жалғасуы себепті ол жерде апат құрбандарының сүйектерін іздеу жұмыстары тоқтатылған еді.

Украинадағы голландиялық миссия басшысы ұшақ құлаған аймақта қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілісімен іздестіру жұмыстары қайта жалғастыруға әзір екендерін мәлімдеген.

17 шілде күні Украинаның Донецк облысы аумағына құлаған малайзиялық Boeing 777 ұшағындағы 298 адам түгел қаза тапқан. Олардың басым көпшілігі Нидерланд елінің азаматтары еді.

XS
SM
MD
LG