Accessibility links

СІМ: Иранда құлаған ұшақта Қазақстан азаматы жоқ


Тегеран маңында құлаған жолаушылар ұшағы. Иран, 10 тамыз 2014 жыл.
Тегеран маңында құлаған жолаушылар ұшағы. Иран, 10 тамыз 2014 жыл.

Иранда апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағында Қазақстан азаматтары болғаны туралы әзірге ақпарат түскен жоқ деп хабарлады сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Министрліктің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмахановтың айтуынша, Иран билігінен қазірге дейін ұшақ бортындағы жолаушылар туралы ақпарат келмеген. "Біз қазір өз байланыстарымыз арқылы жолаушылар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатырмыз. Қандай да бір ақпарат түскен жағдайда хабарлаймыз" дейді Нұржан Айтмаханов.

10 тамыз күні таңертең Иран астанасы Тегераннан елдің шығысындағы Табас қаласына ұшып шыққан Taban Airlines әуе компаниясының Iran-141 жолаушылар ұшағы Тегерандағы «Мехрабад» әуежайы маңында апатқа ұшырап, қырықтан аса адам опат болғаны хабарланған. Соңғы ақпараттар бойынша, апаттан тоғыз адам тірі қалған.

XS
SM
MD
LG