Accessibility links

ЕО Ирактағы күрдтерге қару жеткізуді талқылады


Ирак күрдтерінің "Пешмерга" отрядының сарбаздары исламшыл содырлармен ұрыс кезінде. Ирак, Мосул, 12 тамыз 2014 жыл.
Ирак күрдтерінің "Пешмерга" отрядының сарбаздары исламшыл содырлармен ұрыс кезінде. Ирак, Мосул, 12 тамыз 2014 жыл.

Еуропа Одағы (ЕО) "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларымен күресіп жатқан Ирак күрдтеріне қару-жарақ жеткізу мәселесіне қатысты келісімге келе алмады. Бірақ одаққа мүше елдер жеке өз алдына күрдтерге қару-жарақ жібере алады деп шешті.

Брюссельде өткен төтенше жиыннан соң ЕО елшілері одақ елдері "Ирак билігімен келісе отырып күрдтердің "Пешмерга" топтарын қару-жарақпен қамтамасыз ете алатынын айтты. Дипломаттардың сөзінше, ЕО-ның кейбір мемлекеттері күрдтерге қару-жарақ жеткізуге қарсы болған.

Франция, Италия және Чехия күрдтерді қарумен қамтамасыз етуді қолдаған. Ұлыбритания қару-жарақты күрд жасақтарына үшінші бір ел арқылы жеткізетінін білдірді. Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Берлин мәселені қарумен шешу емес, "саяси және заңды түрде шешуге болатын жолды таңдауы тиіс" деген.

Бұған дейін Ирактың жартылай автономиялық Күрдістан аймағының басшысы Масуд Барзани шет мемлекеттерді күрдтерге исламшыл содырлармен күресу үшін қару-жарақ жағынан көмектесуге шақырған еді.

XS
SM
MD
LG