Accessibility links

Әкімдік: Аштық жариялаушылар талабы орындалмайды


Наразы әйелдер баспанасы сүрілуі тиіс Алтын Червалиеваның үйінің алдында аштық жариялап отыр. Астана, 8 тамыз 2014 жыл.
Наразы әйелдер баспанасы сүрілуі тиіс Алтын Червалиеваның үйінің алдында аштық жариялап отыр. Астана, 8 тамыз 2014 жыл.

Астана қалалық әкімдігі аштық жариялап жатқан әйелдер - қала құрамына кірген бұрынғы саяжай тұрғындарының талабы орындалмайтынын хабарлады.

Астана қаласы ішкі саясат басқармасының жетекшісі Болат Тілепов Азаттық сауалына жолдаған жауабында қаланың бас даму жоспарына сәйкес қалада "бау-бақшалық шаруашылығын дамыту немесе сайжайда құрылыс салу жайы қарастырылмағаны және қазіргі барлық саяжайлық массивтер болашақта түрлі әлеуметтік-мәдени нысандар салу үшін алынатыны" айтылған.

Ресми жауапта "Азаматтық процессуалдық кодекс бойынша сот шешімі, қаулысы немесе басқа да заңды өкімдерін орындау барлығына бірдей міндетті. Сондықтан акцияға қатысушылардың талаптары орындалмайды және оларды үйлерінен айыруды іске асыратын мемлекеттік органдардың әрекеті заңды" делінген. Басқарма бұған қоса аштық жариялаушы әйелдердің жағдайы дәрігерлердің бақылауында екенін айтқан.

Астанада үйлерін сүріп, жерлерін "мемлекет қажетіне" алуға қарсы бес әйелдің аштық жариялап жатқандарына сегізінші күнге ұласты. Бұрынғы саяжай жеріне салынған үйлердің тұрғындары президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестіруді және қала билігінен өздерін күштеп көшіру туралы сотқа берген шағымын қайтарып алуды талап етіп отыр.

XS
SM
MD
LG