Accessibility links

Украинаға Ресей әскери көліктері кіргені хабарланды


Ресейдің Ростов облысындағы Украинамен шекарасына жақын маңда тұрған ресейлік "гуманитарлық жүк" тиеген көліктер. Ресей, 14 тамыз 2014 жыл.
Ресейдің Ростов облысындағы Украинамен шекарасына жақын маңда тұрған ресейлік "гуманитарлық жүк" тиеген көліктер. Ресей, 14 тамыз 2014 жыл.

Британиялық Guardian және Telegraph басылымдары 15 тамызға қараған түні "гуманитарлық жүк" тиеген 250 көліктен бөлек ресейлік әскери конвой Украина шекарасын кесіп өтті деп хабарлайды. Басылым тілшілері әскери көліктердің түн ішінде Донецк облысы аумағындағы шекараны қалай кесіп өткенін көргенін баяндаған.

Guardian басылымының хабарлауынша, Украинаға қара жолмен кірген 23 шамалы бронетранспортер сым темірді қиып кірген. Times басылымының дерегінше, оқиға кешкі сағат 10 кезінде болған.

Украина билігі мен батыс елдерінің үкіметтері Мәскеу "гуманитарлық көмекті" Украинаның шығысына басып кіру үшін пайдалануы мүмкін деп қауіптенеді.

XS
SM
MD
LG