Бүгін Берлинде Германия, Украина, Ресей және Франция сыртқы істер министрлері кездесіп, Украинадағы жағдайды талқылайды.
Осының қарсаңында Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин бұл кездесу Мәскеумен қарым-қатынаста алға жылжуға нәтиже берер деген үміт білдірген. Twitter-дегі парағында ол көпжақты форматтағы келіссөздер өткізу идеясын Польша да қолдап отырғанын жазған.
Климкиннің сөзінше, Украина тарапы үшін басты міндет – Донецк мен Луганскідегі сепаратистерді тоқтату, Ресейде тұтқында отырған ұшқыш Надежда Савченко мен Украинаның басқа да азаматтарын бостандыққа шығару болмақ.
Климкин Ресейде қамауда отырған украиналықтарды «саяси тұтқындар» деп атаған.