Accessibility links

Алматыда АИ-96 маркалы бензин де қымбаттады


Ресейлік "Газпромнефть" компаниясына қарасты жанармай бекеті. Алматы, 20 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресейлік "Газпромнефть" компаниясына қарасты жанармай бекеті. Алматы, 20 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Алматыдағы Royal Petrol компаниясына қарасты жанармай бекеттерінде АИ-96 маркалы бензин қымбаттап, бір литрі 153 теңге болды. Компания қызметкерлері басқа бензин түрлерінің бағасы өзгеріссіз қалғанын айтады.

Жоғары сапалы жанармай түрінің енді бірі - АИ-95 маркалы бензин Helios, «ҚазМұнайГаз» және «Газпромнефть» компанияларына қарасты жанармай бекеттерінде кеше қымбаттаған еді. АИ-95 маркалы бензиннің бір литрін Helios – 154 теңгеден, «Газпромнефть» – 153 теңгеден (кей бекеттерінде 163 теңгеден), «ҚазМұнайГаз» 150 теңгеден сатып жатыр.

Қаладағы жанармай құю бекеттерінде, әсіресе ресейлік бензин сатушыларда өткен аптадан бастап АИ-92 маркалы бензиннің тапшылығы сезіле бастаған.

XS
SM
MD
LG