Accessibility links

383 адамға "Болашақ" стипендиясы тағайындалды


Қазақстандық студент жастар. Алматы, 17 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстандық студент жастар. Алматы, 17 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша биыл 383 үміткер "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.

Ақорданың ресми сайтының хабарлауынша, мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбековтің төрағалық етуімен өткен республикалық комиссия отырысында стипендияны тағайындау және одан айыру мәселелері талқыланып, азаматтардың өтініштері қаралған.

XS
SM
MD
LG