Киевте Украина тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған әскери парад өтті. Оған 25 мыңнан аса әскери қызметшілер мен курсанттар, ондаған әскери техника қатысты. Украина президенті Петр Порошенко құттықтау сөзінде жақын болашақта үкімет армияны қайта жарақтандыруға қырық миллиард гривеннен (үш миллиард долларға жуық) аса қаржы жұмсайтын болады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, украиналықтарға «үнемі төніп тұрған әскери қауіп-қатер астында өмір сүруді үйренуге» тура келеді. Парадқа қатысқан әскери қызметшілер мен техниканың бір бөлігі шара бітісімен елдің шығысында террорға қарсы операциялар жүріп жатқан аймаққа аттанды. Киев, 24 тамыз 2014 жыл.
Киевтегі әскери парад

1
Украинаның Тәуелсіздік күні әскери парадты тамашалау үшін Киев көшесінде тұрған адамдар. 24 тамыз 2014 жыл.

2

3
Украина президенті Петр Порошенко (ортада) Тәуелсіздік күніне арналған әскери парад кезінде. 24 тамыз 2014 жыл.

4
Украина қарулы күштерінің сарбаздары Тәуелсіздік күніне арналған әскери парад кезінде. Киев, 24 тамыз 2014 жыл.

5
Украина әскери-теңіз күштерінің сарбаздары. Киев, 24 тамыз 2014 жыл.

6
Әскери парадқа ондаған әскери техника қатысты. Киев, 24 тамыз 2014 жыл.

7

8

9

10
Әскери парадты тамашалауға жиналған жұрт. Киев, 24 тамыз 2014 жыл.

11

12

13

14
Әскери парадты тамашалап тұрған адамдар. Киев, 24 тамыз 2014 жыл.

15

16

17

18

19

20

21
Украинаның мемлекеттік туы. Киев, 24 тамыз 2014 жыл.