Accessibility links

Путин мен Порошенко Минскіде кездеседі


Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Франция, 6 маусым 2014 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Франция, 6 маусым 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Петр Порошенко бүгін, 26 тамызда Беларусь астанасы Минскіде Кеден Одағы саммиті аясында кездеседі.

Кремль Украинадағы дағдарысты реттеу және гуманитарлық проблеманы шешу жөнінде екіжақты кездесулер өтуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Путин мен Порошенконың шақыруы бойынша Минскіге Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон да барады.

Кеден Одағы саммитіне Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысады.

XS
SM
MD
LG