Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасында 60 килограмм салмақта сайысқа түскен қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов финалда кубалық Алаин Лимонтамен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Абылайхан Жүсіпов финалға дейін румыниялық Арсен Мустафа мен венгр Ричард Конниді ұтқан.
Қазақстан Нанкинде осымен бесінші медалін иеленді. Бұған дейін дзюдошы Бауыржан Жауынтаев - алтын, ауыр атлеттер Жасұлан Қалиев пен Татьяна Капустина, грек рим күресінен Евгений Поливадов - қола медаль алған.
Нанкиндегі жасөспірімдер олимпиадасы ертең, 28 тамызда аяқталады.