Алматы қаласында бүгін, 28 тамыздан бастап АИ-95 маркалы бензин де тек талон арқылы сатыла бастады.
«ҚазМұнайГаз өнімдері» компаниясына қарасты мұнай өнімдерін сату департаментінің өкілі Азаттық тілшісіне: «Тек Алматы қаласында ғана АИ-95 маркалы бензинін бөлшек саудада сатқан кезде шектеу шаралары енгізілді. Бұл облыстарға қатысты емес» деді.
Бұған дейін «Royal Petrol» компаниясына қарасты жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынына шектеу қойлып, тек талонмен сатыла бастаған еді.
Бірақ Алматыдағы «Sinooil», «Helios», ресейлік «Газпромнефть» компанияларының жанармай құю бекеттерінде бұл маркалы бензиндерді сатуға шектеу қойылмаған.