Accessibility links

БҰҰ: Сириядан 3 миллион адам босып кетті


Иорданиямен шекарадағы сириялық босқындар лагері. (Көрнекі сурет).
Иорданиямен шекарадағы сириялық босқындар лагері. (Көрнекі сурет).

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі Сирияда азамат соғысынан босып кеткен сириялықтар саны 3 милилонға жеткенін хабарлады.

Агенттіктің дерегінше, елде 6 жарым миллион адам үй-күйінен айырылған.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Антонио Гутеррес 29 тамызда таратқан мәлімдемесінде Сирия дағдарысы "дәуіріміздегі ең ірі гуманитарлық апат" болғанын айтты. Сирияда қақтығыстар басталған 2011 жылдың наурызынан бері халықтың жартысына жуығы үйлерін тастап, босып кетуге мәжбүр болған.

Соғысқа дейін Сирияда 23 миллион адам тұрған.

XS
SM
MD
LG