Accessibility links

Иранның бұрынғы вице-президенті сотталды


Мухаммад Реза Рахимидің Иран вице-президенті кезіндегі суреті.
Мухаммад Реза Рахимидің Иран вице-президенті кезіндегі суреті.

Иран соты елдің бұрынғы вице-президенті Мухаммад Реза Рахимиді соттап, айыппұл салған. Иран мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл ақпаратты жариялаған осы ел сотының жоғары шенді өкілі Гуламхусейн Мохсени-Эджейе Рахимидің қандай айыппен нақты қанша жылға сотталғаны жайлы айтпаған және үкім өзгеруі мүмкін екенін жеткізген.

Рахими бұрынғы президент Махмуд Ахмединежадтың бірінші көмекшісі болған. Ол Ахмединежадтың билігі кезінде коррупцияға ұрынды деп жиі сыналатын.

Бұған дейін Иран ақпарат құралдары Рахими коррупциялық қылмысқа қатысты істі болды деп хабарлаған еді. Депутаттар оны үкіметтегі ірі коррупциялық алаяқтықтарға қатысы бар дейді.

Махмуд Ахмединежад 2005-2013 жылдары Иран президенті болған.

XS
SM
MD
LG