Accessibility links

Күдікті екі қазақстандық Минскіге жеткізілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Беларусь астанасында екі адамды "асқан қатігездікпен өлтірген" деген күдікпен Астанада ұсталған Қазақстанның екі азаматы тергеу амалдарын жүргізу үшін Минскіге жеткізілген. Бұл туралы Астана қалалық ішкі істер департаментіне (ІІД) сілтеме жасап "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі хабарлады.

ІІД дерегі бойынша, 2012 жылдың 10 желтоқсанында Минскідегі жалға берілетін пәтерлердің бірінде асқан қатыгездікпен өлтірілген екі ер адамның денесі табылған. Олардың бірі 1985 жылы туған Қазақстан азаматы екені, екіншісі - 1982 жылы туған Ресей азаматы екені анықталған.

Оқиға бойынша Беларусь тергеу комитеті қылмыстық іс қозғаған. Астана қалалық ІІД мен Беларусь тергеу комитетінің бірлескен жұмысы барысында ауыр қылмысқа күдікті ретінде қазақстандық 29 және 32 жастағы екі азамат ұсталған.

XS
SM
MD
LG