Еуропа Одағының атқарушы органы – Еурокомиссияға жаңа мүшелер сайланды. Олардың арасында түрлі елден келген жаңа адамдар көп.
Еурокомиссияның жаңа мүшелері

1
Жан-Клод Юнкер - Люксембург
Еурокомиссия президенті. Ұзақ жылдар бойы Люксембургтің премьер-министрі болған, кейін Еуропаның ортақ валютасы – еуроны енгізгендердің бірі саналып, еурозонаны бақылайтын Еуропа тобының төрағасы қызметін атқарған. Кейбір сарапшылар оны «тым федерацияшыл» деп айыптайды.

2
Франс Тиммерманс - Нидерланд
Бірінші вице-президент. Украинаның шығысында Малайзия жолаушылар ұшағы құлаған соң БҰҰ-да ашулана сөйлеп, Ресейге қатаң санкция салуды ұсынып, ол санкциялардың жариялануына әсер еткен әрекетімен есте қалған. Нидерландтың сыртқы істер министрі қызметін атқарған ол ЕО-ның сыртқы саясатын басқарудан да үміті болған. Енді Тиммерманс Еурокомиссияның үйлестіру қызметін жетілдіруге жауапты лауазымға ие болды.

3
Кристалина Георгиева - Болгария
ЕО бюджетіне жауапты вице-президент. Жұрттың көбі ол Кэтрин Эштон ханымның орнына ЕО-ның сыртқы саясат мекемесін басқарады деп болжаған еді. Дүниежүзілік банкте гуманитарлық көмек саласын басқарған Кристалина Георгиева енді ЕО-ның қанша ақшасы қайда жұмсалып жатқанын қадағалап отыратын болды.

4
Андрус Ансип - Эстония
Ортақ цифрлық нарық жөніндегі вице-президент. Он шақты жыл Эстонияның премьер-министрі болып қызмет еткен Ансип енді ЕО-ның интернет технологияларын дамытуға жауапты болмақ.

5
Валдис Домбровскис - Латвия
Еуро валютасы жөніндегі вице-президент. Аса ауыр дағдарыс жылдары Латвия үкіметі басшысының орынбасары болған ол қатаң шаралар қолдану арқылы елді тығырықтан алып шыққан. Оның қаталдығынан хабардар бюджеттік мекемелер сескеніп отырған болар.

6
Юрки Катайнен - Финляндия
Бәсеке, жұмыс орындары және даму мәселелері жөніндегі вице-президент. Экономикалық білімі терең бұрынғы премьер-министр. Ангела Меркельге жақын адам саналатын ол қаржы мәселелеріне келгенде Германия канцлерінен де қырағы деседі.

7
Аленка Братушек - Словения
Энергетика мәселелері жөніндегі вице-президент. Словенияның бұрынғы премьер-министрі енді Мәскеу газын ЕО елдеріне тасымалдау жөніндегі Украина және Ресеймен арадағы аса ауыр келіссөздерді басқаратын болды. Бұған қоса, ол «Оңтүстік ағыс» құбырының болашағы және ЕО аумағында тақтатас газын өндіру мәселелерімен айналысады.

8
Федерика Могерини - Италия
Сыртқы саясат жөніндегі вице-президент. Ол Мәскеуге тым жақын адам саналады, әрі оның сыртқы саясат мекемесін басқару тәжірибесіне көңілі толмайтындар да бар. Себебі ол биыл ақпанда ғана Италияның сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалған. Шығыс Еуропа елдерінің күмән-күдігіне қарамастан, одаққа мүше елдердің басшылары оны Кэтрин Эштонның орнына сайлады.

9
Йоханнес Хан - Австрия
ЕО-ның көршілері және одақты кеңейту мәселелерімен айналысады. Жаңа президент Юнкер ол қызмет ететін бес жылда «ЕО құрамына ешқандай ел кірмейді» деп мәлімдеген еді. Ал Йоханнес Ханның міндеті – одақ құрамына өту мәселесі бойынша қиын келіссөздерді одан әрі жалғастыру болмақ.

10
Маргрет Вестагер - Дания
ЕО-дағы бәсекелестік мәселелерін үйлестіреді. Данияның бұрынғы экономика министрі «Газпромның» Еуропаның ішкі нарығындағы заңдарды бұзуы ісі бойынша аса жауапты шешім қабылдауы тиіс. Бұл іс – Брюссельдің Мәскеуге қарсы қолданатын көзірлерінің бірі болатын түрі бар.

11
Сесилия Мальмстрем — Швеция
ЕО-дағы сауда мәселелерін шешумен айналысады. Ол АҚШ пен ЕО арасындағы еркін сауда жөніндегі жаңа келісімге қол жеткізуге тырысатын болады. Бұл келісімді жұрт АҚШ ұлттық қауіпсіздігі агенттігіндегі тыңшылық дауына байланысты сынайды.

12
Пьер Московиси - Франция
ЕО-ның экономика және қаржы мәселелерімен айналысады. Францияның бұрынғы қаржы министрі ұстамды экономикалық саясат жүргізуімен танылған. Ол Еурокомиссиядағы қатаң шараларды жақсы көретін «тұйғындарды» сабырға шақырып отырады.

13
Джонатан Хилл - Ұлыбритания
ЕО-ның қаржы қызметін басқарады. Британиядағы еуроскептиктерді иландыру үшін Лордтар палатасының бұрынғы басшысы Лондон үшін ең маңызды лауазымдардың бірі – қаржы қызметін қолға алды.