Accessibility links

Астана Украинаға көмек беруді пысықтап жатыр


Астанадағы үкімет үйі.
Астанадағы үкімет үйі.

Қазақстан үкіметі Украинаның шығыс аймақтарына гуманитарлық көмек көрсету механизмдерін әзірлеп жатыр деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі.

«Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың 29 тамыз 2014 жылғы тапсырмасы бойынша, мемлекеттік органдар Украинаның шығыс аймақтарына гуманитарлық көмек көрсетудің нақты ұсыныстары мен механизмдерін әзірлеп жатыр, олар халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияда қаралатын болады» деп хабарлаған ұлттық экономика министрлігі.

Украинаның оңтүстік-шығысындағы аймақтарына гуманитарлық көмек жеткізудің мерзімдері Қазақстан үкіметі осы көмекті көрсету туралы тиісті шешім қабылдаған соң белгіленбекші.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамыз айының соңында Минскіде Украина президенті Петр Порошенкомен кездескенде Қазақстанның Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екендігін мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG