Accessibility links

«Электрондық білезік» жүйесіне 2,5 миллард теңге жұмсалады


Тұтқын аяғындағы «электрондық білезік». (Көрнекі сурет)
Тұтқын аяғындағы «электрондық білезік». (Көрнекі сурет)

Қазақстанда шартты жазамен сотталған және қамау орындарынан мерзімінен бұрын шартты босап шыққан азаматтарды бақылау жүйесін енгізуге мемлекет бюджетінен шамамен 2,5 миллард теңге (13,8 миллион доллар - ред.) бөлінетін болады. Бұл туралы бүгін Астанада ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев хабарлаған.

«Республикалық бюджет комиссиясы бұл мақсатқа 2,5 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлуді мақұлдады» деген ол.

Вице-министр бұған қоса алдағы жылы қылмыстық істер жөніндегі ақпараттық құжаттарды есепке алуды электронды форматқа көшіру жоспарланып отырғанын айтты.

Жыл басындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 38 мыңнан аса адам түрмеде отыр. Түрмедегі тұтқындар саны бойынша Қазақстан әлемде 35-орында тұр.

XS
SM
MD
LG